Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
High risks LAW (RED) — Карта Правовых Рисков
ЖОҒАРЫ ҚАУІП
    Add a header to begin generating the table of contents
    Scroll to Top

    ҚР-НЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ | ЖОҒАРЫ ҚАУІП

    ҚР ҚК 174-бабының 2-бөлігі ... Қоғамдық бірлестік лидерін әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту
    ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі... Қоғамдық бірлестік лидерін терроризмді насихаттау немесе террорлық акті жасауға жария түрде шақыру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту
    ҚР ҚК 405-бабының 1-тармағы... Қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешімінен кейін олардың қызметін ұйымдастыру және оған қатысу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту

    ҚР-НЫҢ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ КОДЕКСІ | ЖОҒАРЫ ҚАУІП

    ҚР ӘҚБтК 460-1 бабының 1-бөлігі... Коммерциялық емес ұйымды шетелден ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны, сондай-ақ оны алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту
    ҚР ӘҚБтК 489-бабының 1-бөлігі... Қоғамдық бiрлестiк басшыларын, мүшелерiн не қоғамдық бiрлестiктi осы қоғамдық бiрлестiктердiң (ҚБ) жарғыларында айқындалған мақсаттар мен мiндеттердiң шегiнен шығатын әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тарту
    ҚР ӘҚБтК 489-бабының 2-бөлігі ... Қоғамдық бiрлестiк басшыларын, мүшелерін не қоғамдық бiрлестiктi Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту
    ҚР ӘҚБтК 489-бабының 9-бөлігі ... Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу немесе қаржыландыру бойынша жеке тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту
    ҚР ӘҚБтК 489-1-бабының 1-бөлігі ... Коммерциялық емес ұйымды есеп бермегені, уақтылы есеп бермегені, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне (АҚДМ) өз қызметі туралы анық емес немесе көрінеу жалған мәлімет бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту

    САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫ | ЖОҒАРЫ ҚАУІП

    ҚР ӘҚБтК 275-бабының 1-бөлігі ... КЕҰ әдейі немесе білместікпен кәсіпкерлік шығынды көрсетпеу, бағам айырмасынан түскен кіріс деректерін коммерциялық емес деп көрсету немесе оны 100.00 жылдық декларациясында көрсетпеу қосымша салық, өсімпұл, айыппұл салуға әкеп соғады.
    ҚР ӘҚБтК 275-бабының 1-бөлігі ... ҮЕҰ жеке тұлғалармен еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық шарт жасайды, салықты және әлеуметтік төлемді азайтып көрсетеді, ал заңнама бойынша еңбек шарты болуы керек. Бұл жағдай салық төлеу тәртібін және еңбек заңнамасын бұзғаны үшін қосымша салық және әлеуметтік төлем, өсімпұл, айыппұл төлетуге әкеп соғады.
    ҚР ӘҚБтК 272-бабы ...ҮЕҰ-ның салық есебін уақтылы өткізбеуі банк және кассалық операциялар бойынша шығыс операцияларын тоқтатуға әкеп соғады (банктік есепшотты жабу және қолма-қол төлем операциясына тыйым салу) және жауапкершілікке қайталап тартылған жағдайда айыппұл салуға әкеп соғады.
    ҚР ӘҚБтК 279-бабының 2-бөлігі ... ҮЕҰ-ның салықты уақтылы төлемеуі салық бойынша қарызы бар екенін көрсететін камералдық бақылаудың хабарламасын алуға, банк және касса бойынша шығын операцияларын тоқтатуға (банктік есепшотты жабу және қолма-қол төлемге тыйым салу), өсімпұл мен айыппұл салуға әкеп соғады.
    ҚР ӘҚБтК 288-бабы ... ҮЕҰ-ның салық органдарының хабарламасына уақтылы жауап бермеуі банк және касса бойынша шығын операцияларын тоқтатуға (банктік есепшотты жабу және қолма-қол төлемге тыйым салу) және салық қызметі органдарының заңды талабын орындамағаны үшін жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.