Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 7 Решение Налог (высокие) — ст.288 КоАП РК — Карта Правовых Рисков

ҚР Салық Кодексінің 118-бабы 1-бөлігінің 7-тармағы бойынша, заңды тұлғаның банктік шоттары  бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда хабарламаға жауап беруден бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.

Хабарламаға уақтылы жауап бермеген жағдайда банктік есепшот жабылары сөзсіз. 

Хабарламада көрсетілген талаптармен келіспегеннің өзінде де, есепшот жабық болған жағдайда ҮЕҰ-ның дұрыстығын  дәлелдеу қиынға соғады.

Салық органдары әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, есепшотты ашу үшін хабарламаны орындауға мәжбүрлеуі мүмкін.

  1. Салық есебі саясаты мен бас бухгалтердің қызметтік міндетіне міндетті түрде салық төлеушінің кабинетін кемінде аптасына бір рет қарап, салық органдарынан хабарлама келген/келмегенін тексеруді енгізіңіз.
  2. КЕҰ жетекшісі хабарламаның бар/жоқтығымен бірге, хабарламаға уақтылы жауап беруді де бақылап отыруы тиіс.
  3. Хабарламаға онда көрсетілген мерзім ішінде жауап беру керек, бірақ кемінде оның аяқталуынан 5 күн бұрын жауап берген дұрыс.
  4. Салық органдары хабарламада көрсеткен жайттармен келіспеген жағдайда, жауап бергенде салық төлеушінің кабинетінде электронды түрде жібере салмай, міндетті түрде салық органындағы хабарламаға жауапты инспекторға бару керек, оған ұстанымдарыңызды түсіндіріп, келісімін алу маңызды. Бұл хабарламаға жауап қабылданбауының және есепшот жабылуының алдын алады.