Камералдық бақылау бойынша хабарламаны қауіп-қатерді басқару жүйесі автоматты режимде жібереді.
Жеке тұлғалардың табысы бойынша төлем төлеушінің ЖТС төлемеуі камералдық бақылау кезінде ғана емес, салық тексерісі кезінде де анықталуы мүмкін.
- ҮЕҰ төлейтін барлық салық пен міндетті төлемдердің мерзімі көрсетілген кесте түзіп, мерзімі аяқталудан кемі 5 күн бұрын тапсырып отырыңыз, бұл қайтып келген жағдайда екінші төлемді уақтылы жасауға мүмкіндік береді.
- Ұйымның жетекшісі болсаңыз, салық және әлеуметтік төлем бойынша барлық төлемді бекітіңіз және олардың төленуі бойынша түсініктеме (төлеу ведомосы) мен төленген салық көшірмесін алып отырыңыз.
ҚР Салық Кодексінің 118-бабы 1-бөлігінің 3-тармағы бойынша, салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:
- тәуекел деңгейі жоғары – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;
- тәуекел деңгейі орташа– салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң.
Салық Кодексінің 117-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша, өсімпұл салықты және бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде белгіленеді.
|