Кәсіпкерлік табысты және бағам айырмасынан көрген кірісті жасыру салық органдарының тексеруі кезінде ғана емес, сонымен бірге камералық бақылау кезінде де анықталуы мүмкін.
Салық салу объектісін жасыру немесе декларацияда салық сомасын төмендетіп көрсету үшін салынатын айыппұл, өсімпұл мен қосымша салық ҮЕҰ-ға қаржылық жағынан айтарлықтай соққы береді.
Салық Кодексінің 117-бабы 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, өсімпұл:
1) салықты және бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде төленеді.
2) 100.00 жылдық декларациясын толтыру кезінде ҮЕҰ-ның барлық кірісін коммерциялық емес және кәсіпкерлік кіріс ретінде контрагенттердің келісімшартында жазылғанға сай біріздендіріп, олардың Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бағам айырмасы бойынша) мен Салық Кодексінің 289-бабына сәйкес келуіне назар аудару керек.
3) Әлеуметтік жобаға қаржы алу үшін келісімшартқа отырған кезде мұқият зерттеп, оның:
- а) шын мәнінде грант/қайырымдылық/демеушілік көмек/өтеусіз ақша немесе
- b) ҮЕҰ грант берушілер тізіміндегі ұйымдарға көрсететін қызмет екеніне көз жеткізу керек.
4) Мемлекеттік мекемемен шартқа отырған жағдайда, ол мекемені және конкурсқа қатысу шарттарын мұқият зерттеп:
- a) оның шын мәнінде ККС салынбайтын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс немесе
- b) жалпы конкурс бойынша қызмет көрсету немесе бір көзден берілетін тапсырыс екенін түсіну керек.
5) Кәсіпкерлік кіріс пен шегерілген ақшаны 100.00 формалы салық есебінде көрсету.
6) Бухгалтерлік есепте бағам айырмасын есептеп, нәтиже оң болған жағдайда оны салық салынатын кіріс ретінде 100.00 формалы салық есебінде көрсету.
7) КЕҰ салық салу мен бухгалтерлік есеп жүргізуі бойынша оқу курсынан өтіп, заңнаманың үнемі өзгеретінін ескере отырып, жыл сайын білімді жетілдіріп отыру.
8) Кірген кіріс бойынша оларды бухгалтерлік және салық есебінде тану тәсілін сипаттаңыз – өтеусіз қаржының түсу дерегі бойынша, соның ішінде демеушілік немесе қайырымдылық көмек бойынша немесе шыққан шығын мен алған ақшаның есебі бойынша, немесе ақшаның түсу ретіне қарай аралас тәсілмен. Мысалы, гранттар және нақты бюджеті бар және пайдалану мақсаты анық өзге де түсімдер жобаға кететін шығынды тану есебінде кіріс болып есептеледі, ал мақсатсыз түсімдер, жалпы жарғылық қызметке берілген қаржы ақшаның түсу ретіне қарай кіріске жатады.
|