- Жаңа қаржыландыруға өтініш тапсырмас бұрын ҮЕҰ жарғысында көрсетілген мақсаттар мен міндеттер болашақ қаржыландыру тақырыбына толықтай сәйкес келетініне көз жеткізіп алу керек.
- Жарғыда жаңа жобаның мақсаттары мен міндеттері жоқ болған жағдайда, Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, оны әділет органдарында тіркеу керек, онда қажетті мақсаттар мен міндеттер көрсетілуі тиіс.
ҚР Салық Кодексінің 289-бабының 2-бөлігі бойынша, коммерциялық емес ұйым алған өтеусіз мүлік, соның ішінде өтеусіз алынған қайырымдылық көмек, грант, демеушілік көмек, ақша және өзге де мүлік жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға жатады (яғни, ККС салынбайды).
Салық Кодексінің 1-бабы бойынша, грант, қайырымдылық көмек, демеушілік көмек деген түсініктер, анықтамасына сай, тек қана ҮЕҰ жарғысында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге ғана берілуі керек. Яғни, жарғыдағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға берілген өтеусіз кірістен ғана ККС алынбайды. Ал жарғыда көрсетілмеген мақсаттар мен міндеттер үшін берілген кіріске 20% мөлшерінде ККС салынады.
|