Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 6 Решение (высокие) — ч1 ст.489-1 КоАП РК — Карта Правовых Рисков

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңының 41-бабының 5-бөлігіне сәйкес, КЕҰ белгілі бір формалары мен түрлері, сондай-ақ ҚР аумағында қызмет етіп жатқан шетелдік және халықаралық КЕҰ филиалдары мен өкілдіктері жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті орган айқындайтын өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (АҚДМ) Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетіне ұсынуы тиіс. 

КЕҰ формасына қарай ӘҚБтК осы бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Атап айтқанда, КЕҰ төмендегі формалардың бірінде болса:

  • жекеменшік мекеме;
  • қоғамдық, корпоративтік және жекеменшік қор;
  • қауымдастық (одақ) түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі;
  • қоғамдық бірлестіктер (саяси партия, діни бірлестік және кәсіподақ одақтарынан басқа);
  • коммерциялық емес акционерлік қоғам (құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда); 
  • ҚР аумағында қызмет ететін шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшауланған бөлімшелері).

Мәліметтерді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2016 жылғы 19 ақпандағы №5124 бұйрығымен бекіткен Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәлімет ұсынуы және олар туралы Мәліметтер базасын жасау ережесімен реттеледі.

АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетіне өз қызметі туралы мәлімет ұсыну қажеттігімен байланысты келесі әрекет (әрекетсіздік) болған жағдайда жауапкершілікке тартылады: 

  • мәлімет ұсынбау;
  • мәліметті уақтылы ұсынбау;
  • көрінеу жалған мәлімет ұсыну.

ҚР ӘҚБтК 489-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты хаттаманы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары толтыра алады (ҚР ӘҚБтК 804-бабының 1-бөлігінің 50-тармағы), сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган толтырады (ҚР ӘҚБтК 801-бабының 1-бөлігінің 50-1-тармағы).

 ҚР ӘҚБтК 489-1-бабында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық істерін мамандандырылған аудандық және соларға теңестірілген әкімшілік соттар қарайды (ҚР ӘҚБтК 684-бабының 1-бөлігі).