Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 2 Закон (высокие) — КоАП ч.1 ст. 460-1 — Карта Правовых Рисков

Бұл бап 2018 жылдан бері қолданылады.

2018 жылы бір ұйымға ҚР Салық Кодексінің 29-бабын бұзғаны үшін айыппұл салынған.

ҚР ӘҚБтК 460-1 бабының 1-бөлігі[1] бойынша, шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу туралы мемлекеттік кіріс органдарын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде және жағдайларда хабардар етпеу, сондай-ақ оларды алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау жеке тұлғаларға – елу, коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы баптың 2-бөлігі бойынша, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтер беру қызметін тоқтата отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК 460-1 бабының 3-бөлігінде осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) үшін қызметіне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатыны көрсетілген.

[1] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31577399&doc_id2=31577399#pos=766;-116&pos2=9022;-80