Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 3 Закон — за пропаганду и захват власти — Карта Правовых Рисков

Бұл қылмыстық іс ауыр қылмысқа жатады!

 ҚР ҚК 179-бабы[1] экстремистік қылмысқа жатады!

Бұл бап өте сирек қолданылады. 2018 жыл мен 2019 жылдың 9 айын қосқанда ҚР ҚК 179-бабының 2-тармағымен сотталғандар саны – 4 адам.[2]

_____________

[1] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V Қылмыстық кодексі (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31575252

[2]   ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты. URL: https://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/MainMenu

ҚР ҚК 179-бабының 2-бөлігі[1] бойынша, Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату қоғамдық бірлестік лидері тарапынан жасалса, немесе бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалса, …, соның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жасалса, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. 

Егер бұл әрекеттер Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді көздесе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

[1]  Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V Қылмыстық кодексі (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31575252