Қылмыстық теріс қылыққа жатады!
Заңдық анықтығы жағынан бұл баптың сипаты айқын емес. Бұл қылмыстық қудалау органдарының дискрециясы кең екенін білдіреді. Яғни, ойдан шығарылған негізбен де жауапкершілікке тартуы мүмкін. Бұл – жағымсыз фактор.
Бұған қоса, бұл баптың теріс қылықты «қоғамдық бірлестік лидерінің жасауы» деген кәсіптеуші белгісі бар, бұл ауырлататын жағдай. Осы қылмыстық құқық бұзушылық бойынша айыпталған қоғамдық бірлестік лидері болсаңыз, басқа кез келген азаматтан гөрі мейлінше қатал жазаға кесілесіз.
Қоғамдық бірлестік лидері деп ҚР ҚК қоғамдық бірлестік жетекшісі, сондай-ақ осы қоғамдық бірлестікке ықпалымен және беделімен жеке-дара басқарушы ықпал жасай алатын қоғамдық бірлестіктің басқа қатысушысын айтады.[1]
ҚР ҚК 145-бабы[2] қылмыстық теріс қылыққа жатады, яғни іс сотқа жеткен жағдайда жеңілдетілген тәртіппен өте қысқа мерзімде қаралады деген сөз. Тәртібі мен мерзімі жөнінде толығырақ білу үшін ҚР ҚПК 55-тараудан «ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН»[3] қараңыздар.
Қамауда ұстау қолданылмайды!
Сізді күдікті/айыпталушы деп таныған жағдайда бірден адвокаттың қызметіне жүгініңіз. Егер істе прокурор болса, сізге кепілді мемлекеттік заң көмегі аясында адвокат ұсынуға міндетті. БІРАҚ! Егер құқық қорғау қызметімен айналысатын болсаңыздар, заңмен конфликт болған жағдайда мүдделеріңізді көздейтін адвокатпен келісімшарт жасауға кеңес береміз! Тұрақты негізде сенімді адвокатыңыз болсын!
Белгілі бір адвокатпен келісімшарт бар екенін туысқандарыңызға айтып, жедел көмек керек болған жағдайда хабарласу үшін адвокаттың телефон нөмірлерін беріп қойыңыз!
Әрдайым адвокаттың қызметіне жүгініңіз. Ешқандай жағдайда адвокаттан бас тартпаңыз. «Қоғамдық бірлестік лидері» ретінде қатерлі топта болғаннан кейін тұрақты түрде белгілі бір адвокатпен келісімшарт жасасып қою керек.
Сізге қатысты айыптау үкімі шыққан жағдайда және сот шешімімен келіспеген жағдайда мұндай шешімге міндетті түрде ҚР ҚПК[4]-да қарастырылған тәртіп пен мерзімде жалпы негізде шағым түсіріңіз.
|