Камералдық бақылау бойынша хабарламаны қауіп-қатерді басқару жүйесі автоматты режимде жібереді. Жауапкершілікке тарту (бірінші рет хаттама негізінде ескерту жасау, қайталанған жағдайда – айыппұл салу) ықтималдығы жоғары.
Хабарламаны (хабарлама бойынша есеп тапсырмау немесе есеп тапсыру міндетті емес, бірақ хабарлама келген жағдайда оған жауап бермеу) уақтылы орындамаған жағдайда міндетті түрде банктік есепшоттар жабылады.
ҚР Салық Кодексінің 118-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы бойынша, заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң күшіне енеді.
- Ұйымның жетекшісі болсаңыз, салық есебін тапсыру процесін оны бекіту жолымен бақылауыңызға алыңыз. Ал бухгалтер есепте бар соманы талдай отырып, төленген барлық салық сомасына салық регистрін ұсынуы керек.
- КЕҰ өткізуі тиіс барлық есептіліктің кестесін түзіп, ол есептілікті тапсыру мерзімі аяқталардан кемі 5 күн бұрын өткізіп тұрыңыз, соңғы аптада сервердің жұмысында ақау жиі болатындықтан, есеп өтпей қалуы мүмкін.
- Есептерді уақтылы жасап, өткізе алмайтын жағдайда, оны тапсыру мерзімін ұзартуға өтініш беріңіз (тоқсандық есеп бойынша 15 күнге, жылдық есеп бойынша 30 күнге). Мұндай қызмет есепті электронды нұсқада тапсыратындарға ғана қатысты және мемлекеттік кіріс органдарының қауіп-қатерді басқару жүйесінде жоғары деңгейлі қауіп болып есептелмейді.
|