Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 4 Решение Налог (высокие) — п. 1 ст. 275 КоАП РК — Карта Правовых Рисков

Еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық шартқа отыру камералдық бақылау кезінде де, салық органдарының тексеруі кезінде де анықталуы мүмкін. Сондай-ақ еңбек шартының орнына азаматтық-құқықтық шартқа отыру жеке тұлғаның арызы бойынша еңбек департаментінің тексерісі кезінде де анықталуы мүмкін.

  1. Азаматтық құқықтық шарт жасасу кезінде «еңбектің ақысы» деген сөзді пайдаланбауға тырысу керек, еңбек тәртібіне бағынуды да көрсетудің қажеті жоқ, мысалы, «40 сағаттық апта немесе жұмыс уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін, 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс және т.с.с.» жазуға болмайды. Оның орнына шарттың орындалу мерзімін көрсету керек. Егер қызмет сипаттамасы бойынша Орындаушы белгілі бір уақытта орындауы тиіс болса, оны шартта көрсету керек. Мысалы, «Орындаушы тренингті 25 қаңтар күні 14.30-дан 16.00-ге дейін өткізуі тиіс».
  2. Келісімшартта «аудармашы қызметін атқарады, немесе жобаның менеджері, немесе мамандығы бойынша заңгер, т.с.с.» жазуға болмайды. Оның орнына, орындалатын әрекетті көрсету керек, мысалы, «… аудару қызметін көрсетеді, келесі қызмет түрлерін көрсетеді: …, … мәселе бойынша заңгер кеңесін ұсынады және т.с.с.».
  3. Азаматтық-құқықтық шарт бойынша сол ұйымның қызметкері болып табылатын жеке тұлғамен қарым-қатынас рәсімделсе, оның еңбек міндеттері мен азаматтық-құқықтық шарттағы жұмыс көлемі бірдей болмауы керек. Мұны қызметкердің қызметтік міндеті көрсетілген қызметтік нұсқаулықпен нақтылауға да болады, онда еңбек шарты шеңберіндегі міндеттері мен орындауы тиіс жұмыс қатарында азаматтық-құқықтық шартта қарастырылған міндеттер мен жұмыс көлемі болмауы тиіс.
  4. Жеке тұлғалардың қызмет шарты бойынша кірісін жалақыдан бөлек бухгалтерлік есепте көрсетіп, екі түрлі есепшот болғаны дұрыс.
  5. Жалпы төлем ведомосына адамдардың жалықы төлемі мен азаматтық-құқықтық шарт бойынша төлемді қоспаған жөн.
  6. Төмендегі жағдайларда қызмет көрсету шартын емес, еңбек шартын жасасқан дұрыс:
  • — уақыты жағынан ұзақ болса,
  • — және/немесе белгілі бір айлық төлем болса,
  • — және/немесе ҮЕҰ жетекшісіне бағынуды қарастыратын болса,
  • — және/немесе дәл сол міндетті атқаратын қызметкер басқа қаржы көзі есебінен жалақы алатын болса.

Салық Кодексінің 117-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша, өсімпұл:

2) салықты және бюджетке төленетін төлемді, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептеледі.