Ұйымның штатында бухгалтер ұстауға немесе, тұрақты жалақы төлей алмаған жағдайда, аутсорсинг негізінде бухгалтерлік компаниямен әріптестік байланыс орнатып, тұрақты түрде бухгалтерлік қызмет көрсетіп отыратын нақты бір бухгалтерді бекітіп алуға кеңес береміз.
Ұйымның бухгалтері есеп жүргізуге қатысты барлық мәселеге жауапты болуы керек, соның ішінде есеп беруге де жауапты болуы тиіс. Салық төлеушінің тіркеу мәліметтеріне салық есебін өткізуге жауапты адам ретінде бухгалтерді көрсетуге кеңес береміз.
Лицензиясы бар 1С бухгалтерлік бағдарламасының болуы өте маңызды, ол ұйымның атына сатып алынуы тиіс немесе 1С онлайн базасына кіре алатын болу керек, өйткені осы бағдарламада есеп жүргізу ғана аталған қауіп-қатерден құтылуға мүмкіндік береді.
|