Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 5 Решение (высокие) — ч9 ст.489 КоАП РК — Карта Правовых Рисков

ҚР ӘҚБтК 489-бабының 9, 10, 11-бөліктері тіркелмеген қоғамдық бірлестіктерді басқару, олардың жұмысына қатысу және қаржыландыру үшін жауапкершілікке тартуды көздейді.

«Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңның 5-бабына сәйкес, тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

ҚР ӘҚБтК-де бұл бап тұрған уақытта қосымша қандай да бір қызметпен айналысатын кез келген белсенді азаматтар тобы ҚР ӘҚБтК 489-бабы (9, 10, 11-бөліктері) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Егер мұндай азаматтар тобы тыйым салынғанына қарамастан, заңды тұлғаны тіркемей бірлескен қызметті жалғастыратын болса, оларға бірлескен қызметті жүзеге асыру туралы өзара шартқа отыруға тура келеді (жай серіктестік)[1], онда шартқа қатысушы тараптардың құқықтары мен міндеттері, сонымен бірге ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін әр қатысушының қанша көлемде қаржылай жарна құятыны көрсетілуі тиіс.  Одан да дұрысы шартқа қандай да бір заңды тұлғаны қосу (ҚБ формасында емес), сонда топ жекелеген азаматтардан тұрмайды және тіркелмеген ҚБ ретінде қабылданбайды.

Екіншіден, ӘҚБтК 489-бабының 9, 10, 11-бөліктері бойынша, қызметі тоқтатыла тұрған және қызметіне тыйым салынған қоғамдық бірлестіктерді басқару, олардың жұмысына қатысу және қаржыландыру бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Әңгіме қызметін тоқтата тұру немесе тыйым салу әкімшілік жаза ретінде қолданылатын (ӘҚБтК 48-бабы) немесе ӘҚБтК 489, 489-1 және 490-баптарында көрсетілген құқық бұзушылыққа орай әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қамтамасыз ету шарасы ретінде қолданылатын қоғамдық бірлестіктер туралы.

Тыйым салынған ұйымға жетекшілік ету туралы тек қана қамтамасыз ету шарасын қолдану уақытында немесе тыйым салынғаны туралы сот шешімі күшіне енген сәттен бастап, заңды тұлғаның қызмет етуін тоқтатуды тіркеу заңды күшіне енгенге дейінгі уақыт аралығында ғана айтуға болады (ӘҚБтК 910-бабының 2-бөлігі).

Бұл ретте терроризм немесе экстремизммен байланысты қызметі тоқтатылған қоғамдық бірлестіктердің қызметіне қатысты заңбұзушылықтар ҚР ҚК 405-бабымен реттелетінін айтқан жөн.

489-баптың 9, 10, 11-бөліктері тіркелмеген қоғамдық бірлестіктер немесе қызметі тоқтатылған немесе қызмет етуіне тыйым салынған қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысқан, оларға басшылық еткен немесе қаржыландырған жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.

Қоғамдық бірлестіктер туралы заңда мұндай тыйымдар туралы айтылмаған.

489-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруға ішкі істер органдарының (ҚР ӘҚБтК 804-бабының 1-бөлігінің 1-тармағы, 80-бабының 3-бөлігі), мемлекеттік кіріс органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары (ҚР ӘҚБтК 804-бабының 1-бөлігінің 31-тармағы) құқылы.

ҚР ӘҚБтК 489-бабының 2-8-бөлігінде қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық ісін аудандық мамандандырылған және соларға теңестірілген әкімшілік соттарының судьялары қарастырса (ҚР ӘҚБтК 684-бабының 1-бөлігі), 1, 9, 10, 11-бөліктер бойынша қозғалған істі ішкі істер органдары қарастырады (685-баптың 1-бөлігі).  

[1] ҚР Азаматтық Кодексінің 228-бабы: «1. Жай серiктестiк бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылады. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтiн өзге де мақсатқа қол жеткiзу үшiн бiрлесiп әрекет жасауға мiндеттенедi. Жай серiктестiк заңды тұлға болмайды. 2. Бiрлескен қызмет туралы шарт (жай серiктестiк шарты) азаматтардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында, заңды тұлғалар арасында жасалады (консорциум). 3. Жай серiктестiк қатысушыларының бiрлескен қызметi туралы шартқа байланысты мiндеттемелерi, егер бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақтар алдында ортақ болып табылады».