Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 4 Решение (высокие) — ч2 ст.489 КоАП РК — Карта Правовых Рисков

Заңдық анықтама тұрғысынан бұл баптың сипаты тым бұлыңғыр. Бұл қылмыстық қудалау органдарының құзыры тым көп екенін көрсетеді. Шын мәнінде ойдан шығарылған негізбен де жауапкершілікке тартуы мүмкін. Бұл жағымсыз факторға жатады. Қандай әрекет (әрекетсіздік) әкімшілік жазаға тартуға жататынын тап басып айту қиын.

Ауқымы кең болғаны соншалық, ҚР кез келген заңының немесе ҚР аумағында әрекет ететін заңнамалық актінің талабын бір рет бұзудың өзі, яғни кез келген заңнаманы бұзу жауапқа тартуға әкелуі мүмкін.[1]

Ал ҚР барлық заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерін сақтауға ҚР аумағында тұратын жеке және заңды тұлғалардың бәрі міндетті.

ҚР Конституциясының 34-бабының 1-бөлігі[2] бойынша, әркім Конституцияны және ҚР заңнамасын сақтауға міндетті. Алайда жауапкершілік жалпы заңнаманы бұзғаны үшін емес, нақты бір әрекет (әрекетсіздік) үшін болуы керек, әйтпесе қылмыс құрамын анықтаудың мәні өзгереді, қылмыстық және әкімшілік кодекстер аясындағы құқық бұзушылықты анықтау қиынға соғады.  Бұл жағдайда «заңда көрсетілмеген болса, құқық бұзушылық жоқ» принципі өрескел бұзылып отыр (құқық бұзушылық мазмұны анық емес: әрекет пен оның жазасы арасында байланыс жоқ).

Осыған орай аталған бап бойынша жауапкершілікке тартудан сақтануға қатысты қандай да бір кеңес айту да қиын. ӘҚБтК-де бұл бап тұрған уақытта ол бойынша жауапкершілікке тартылмауға сенімді болуға ешқандай кепілдік жоқ.

ҚБ, ҚБ жетекшілері мен мүшелері ҚР заңнамасын бұзатын әрекетке жол берген жағдайда, әкімшілік істі мамандандырылған аудандық соттар мен соларға теңестірілген әкімшілік соттар қарайды.[3]  Ал мұндай әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттаманы ішкі істер органының лауазымды қызметкерлері толтырады.[4]

[1] Айта кетерлігі, ӘҚБтК 489-бабының 2-бөлігінде жалпы ҚР заңнамасының бұзылуы туралы айтылғанмен, ол «Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметін қаржыландыру» деп аталатын 489-бабының атауына сәйкес келмейді, яғни 489-баптың 2-бөлігіндегі диспозициядан гөрі ауқымы тар. Сонымен бірге, баптың атауы 489-баптың 2-бөлігін түсіндіруге ықпал ете алмайды, өйткені нормативтік-құқықтық актілерде баптың атауы, бөлігі және т.б. қолайлылық үшін ғана пайдаланылады (ҚР «Құқықтық актілер туралы» заңының 22-бабы). Бұған қоса, түсіндіру кезінде баптың атауын қолдану мүмкін болғанның өзінде де, бұл осы баптың заңдық анықтамасымен байланысты мәселеге нүкте қоймайды. «Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнама талаптарын кез келген жағдайда бұзу» жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайды.

[2] Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған) (23.03.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=1005029

[3] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 684-бабының 1-бөлігі (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31577399 

[4] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 804-бабының 1-бөлігі (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31577399