Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 4 Закон (высокие) — ч2 ст.489 КоАП РК — Карта Правовых Рисков

Қоғамдық бірлестіктерді ескерту жасау, үш ай мерзімге қызметін тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу сияқты әкімшілік жауапкершілікке тарту оқиғасы бірнеше рет кездескен.[1]

Бұл бап ҚБ мен оның жетекшілерінің және мүшелерінің екі еселенген жауапкершілікке тартылатынын көрсетеді.

[1] http://sud.gov.kz/rus/content/bank-sudebnyh-aktov

ҚР ӘҚБтК 489-бабының 2-бөлігі бойынша, қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР ӘҚБтК 489-бабының 4-бөлігі бойынша, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген бұзушылықтарды жоймау қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.