Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 2 Решение (высокие) — КоАП ч.1 ст. 460-1 — Карта Правовых Рисков

Бұл бап тікелей ҚР Салық Кодексінің (әрі қарай – ҚР СК) 29-бабында көрсетілген[1] салық органдарына шетелден ақша алғаны туралы арнайы есеп беру міндеттемесімен байланысты.

ҚР СК 29-бабы шартты түрде барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты болғанымен, ол негізінен  шетелден ақша немесе өзге де мүлік алған коммерциялық емес ұйымдарға (әрі қарай –  КЕҰ) бағытталған.

Төмендегі шарттар болған жағдайда арнайы салық есебін тапсырмағаныңыз үшін жауапкершілікке тартыласыз:

  1. Жеке немесе заңды тұлға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі болсаңыз;
  2. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан 1 теңгеден жоғары мөлшерде ақша және (немесе) өзге де мүлік алсаңыз;
  3. Шетелден алған ақша және (немесе) өзге де мүлікті төменде келтірілген қызмет түріне жұмсасаңыз:
  • заңдық көмек көрсету, соның ішінде азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін құқықтық ақпарат беру, қорғау және өкілдік ету, сонымен бірге кеңес беру қызметі;
  • қоғамдық пікірді білу үшін сұрау жүргізу және оны зерттеу, әлеуметтік сұрау жүргізу (коммерциялық мақсаттағы қоғамдық пікірді зерттеу мен әлеуметтік сауалнаманы қоспағанда), сонымен бірге оның нәтижесін тарату мен жариялау;
  • коммерциялық мақсатта болмаса, басқа жағдайларда ақпарат жинау, талдау және тарату.

Заң шығарушылар тарапынан аталған үш қызмет бағыты заңдық анықтама принципін есепке алмай берілген әрі бұлардың қолданылу ауқымы да кең. Мемлекеттік кіріс комитеті (әрі қарай – МКК) бұл қызмет бағыттарын кең ауқымда түсіндіреді, бұл КЕҰ қандай қызметпен айналысса да, салық органдары олардың қызметін жоғарыда аталған үш бағыттың біріне жатқызуы мүмкін екенін білдіреді. Сондықтан шетелден ақша және/немесе мүлік алған жағдайдың барлығында да есеп беруге кеңес береміз.

Ақша және өзге де мүлікті алу мен жұмсаудың тәртібі, мерзімі және хабарландыру мен ескерту формасы ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы бұйрықтарында көрсетілген. Ол бұйрықтар:[2]

  • «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару қағидаларын бекіту туралы» №240 бұйрық;
  • «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кіріс органдарына хабарлау қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы» №241 бұйрық;
  • «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы» №242 бұйрық.

Әр тоқсан сайын кемінде бір рет есеп тапсырар алдында жоғарыда аталған бұйрықтарды тексеруге кеңес береміз, өйткені өзгертулер мен толықтырулар болуы мүмкін.

Салық органдары шетелден алынған ақшаны алғаны туралы (017-форма) ғана емес, қайда жұмсағаны туралы (018-форма) да хабардар болуы тиіс.

ҚР СК 29-бабын түсіндіру үшін МКК 137 сұраққа жауап беріп, сайтында жариялаған.[3] Дегенмен, кез келген сұраққа нақты және дұрыс жауап берілген деу қиын. МКК келтірген кейбір жауаптар Салық Кодексінің 2-бабы мен бұйрықтарды қайталайды,  бір-біріне қайшы келеді, кейде бір сұраққа бір-біріне үйлеспейтін жауап беріледі, ҚР СК 29-бабының талаптарын кеңінен түсіндіру көп кездеседі. МКК бұл бапты жалпы қалай түсіндіретінін және олардың ұстанымы қандай екенін түсіну үшін аталған сұрақ-жауапты толық оқып шыққан дұрыс.

Құқық қолдану ісінде де бұл есеп туралы нақтылық жоқ. МКК мен салық органдары сіздің шетелден ақша/мүлік алғаныңыз туралы шартыңызды қалай түсінетініне болжам жасау қиын.[4]

Шетелден қаржы/мүлік алған жағдайда төменде келтірілген шарттар орындалғаны дұрыс:

  1. Жарғыда жоғарыда келтірілген үш бағыттың болуын тексеру;
  2. Шартты мұқият оқып, шарттар мен мазмұнының аталған үш бағытқа сай келуін қадағалау;
  3. Шартта жобаланған әрекет немесе жарғылық қызметіңіз үш бағыттың біріне сай келетін болса, есеп тапсыру формасын толтыру нұсқаулығын зерттеу және осы тақырыптағы вебинарларды қарау, есепті дұрыс толтырып, уақытында өткізу үшін КЕҰ секторында жұмыс істейтін заңгерлерден кеңес алу.

Естеріңізге болсын! ҚР ӘҚБтК 460-1-бабы бойынша «ескерту жасау» қарастырылмаған, яғни жауапкершілікке тартылған жағдайда бірден 100 айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай – АЕК) және одан да жоғары мөлшерде айыппұл салынады.

Мемлекеттік кіріс органдарын шетелден ақша/мүлік алғаны туралы хабардар етпеу, сонымен бірге ақшаны алғаны және жұмсағаны туралы есеп бермеу немесе уақтылы есеп бермеу бойынша әкімшілік істі мемлекеттік кіріс органдары қарайды.

Шетелден ақша/мүлік алғаны туралы анық емес немесе көрінеу жалған ақпарат берген жағдайда немесе осы іс-әрекет қайталанған жағдайда әкімшілік істі мамандандырылған аудандық соттар мен соларға теңестірілген әкімшілік соттар қарайды.[5] Мұндай әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты хаттамаларды мемлекеттік кіріс органдары дайындайды.[6]

Сонымен бірге, төмендегі құжаттармен танысқан дұрыс:

  • ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі №571913 сұраққа 2019 жылғы 30 қыркүйекте берген «Шет мемлекеттен ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы хабарландыру ұсынбағаны үшін талап қою мерзімі өтіп кетуіне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы» жауабы[7];
  • ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының 2019 жылғы 2 қазандағы №573034 сұраққа 2019 жылғы 8 қазанда берген «Шетелдік қаржыландыру туралы мемлекеттік органдарды хабардар етпеу бойынша құқық бұзушылық болғаннан кейінгі бес жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы»  жауабы (dialog.egov.kz)[8].

[1] 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және басқа да міндетті бюджет төлемдері туралы» Кодексінің 29-бабының 1-бөлігі. 

[2] Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы бұйрықтары:

-«Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару қағидаларын бекіту туралы» №240 бұйрық;

-«Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кіріс органдарына хабарлау қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы» №241 бұйрық;

-«Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы» №242 бұйрық.

[3]  http://kgd.gov.kz/ru/faq/358 «Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

[4] ҚР СК 29-бабында «шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алу» дегенде ақша/мүлікті келесі жолдармен алу туралы айтылады:

— жазбаша шарт бекіту немесе ауызша шарт негізінде;

— қайтарымсыз көмек алу жөнінде (грант, қайырымдылық көмек, демеушілік және т.б.) жазбаша шартты (әрі қарай – коммерциялық емес шарт) бекіту немесе қызмет көрсету/жұмысты орындау шарты (әрі қарай – коммерциялық шарт). Сонымен бірге, шетелдік ақша/мүлік бойынша есеп беру міндеті ҚР СК 29-бабында көрсетілген үш бағыттың біреуін жүзеге асыру бойынша коммерциялық емес шартқа отырған жағдайда, немесе азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін, соның ішінде құқықтық ақпараттандыру, қорғау және өкілдік ету қызметін көрсету, сондай-ақ оларға кеңес беру бойынша коммерциялық шартқа отырған жағдайда жүктеледі;

-қазақстандық емес кез келген тұлғадан, соның ішінде азаматтығы жоқ адамдардан ақша/мүлік алу.

[5] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 684-бабының 1-бөлігі (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31577399 

[6] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 804-бабының 1-бөлігінің 31-тармағы  (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31577399

[7] ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі №571913 сұраққа 2019 жылғы 30 қыркүйекте берген «Шет мемлекеттен ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы хабарландыру ұсынбағаны үшін талап қою мерзімі өтіп кетуіне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы» жауабы. URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=36600368

[8] ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының 2019 жылғы 2 қазандағы №573034 сұраққа 2019 жылғы 8 қазанда берген «Шетелдік қаржыландыру туралы мемлекеттік органдарды хабардар етпеу бойынша құқық бұзушылық болғаннан кейінгі бес жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы»  жауабы (dialog.egov.kz). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=33216713