Бұл бап шетелден ақша/мүлік алған, осындай ақшаның есебінен жарияланымдарды жариялаумен және таратумен айналысқан және мәтінде тапсырыс беруші/донор туралы мәлімет көрсетпеген, сондай-ақ қаржы көзін көрсетпеген тұлғаларды, соның ішінде КЕҰ өкілдерін жауапкершілікке тартуды көздейді. Айта кетерлігі, шетелдік ұйыммен немесе жеке тұлғамен шарттың қандай формада болуы маңызды емес.
Нақты қандай мәліметтер және қандай көлемде болуы керектігі жөнінде Салық Кодексінде де, Қаржы министрінің бұйрықтарында да, Мемлекеттік кіріс комитетінің сұрақ-жауабында да жазылмаған. Алайда, мұндай жарияланымдарға МКД-нің арнайы бөлімі мониторинг жасап отырады.
ӘҚБтК 460-2-бабында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық істерін мемлекеттік кіріс органдары қарастырады.[1]
Кез келген шара өткізгенде, жоба туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте қандай да бір ақпарат берген уақытта, міндетті түрде тым құрыса донор/тапсырыс берушінің атауы мен жүзеге асырылып отырған жобаның атауын көрсетуді ұсынамыз.
|
[1] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 720-бабы (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31577399