Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 11 Закон — после суда о запрете деятельности — Карта Правовых Рисков

Бұл қылмыстық іс ауыр қылмыстар санатына жатады!

Әрекет экстремистік және террористік қылмысқа жатады!

2019 жылдың 9 айында ҚР ҚК 405-бабының 1-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылғандар саны – 3 адам, 2018 жылы – 13 адам, 2017 жылы – 13 адам, 2016 жылы – 16 адам, ал 2015-те 1 адам жауапкершілікке тартылған. Бұл бапты қолдану жиілегені байқалады.[1]

2019 жылдың 9 айында ҚР ҚК 405-бабының 2-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылғандар саны – 28 адам, 2018 жылы – 37 адам, 2017 жылы – 12 адам, 2016 жылы – 13 адам, ал 2015-те 18 адам жауапкершілікке тартылған. Бұл бапты қолдану жиілегені байқалады.[2]

__________________

[1] ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты. URL: https://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/MainMenu

[2] ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты. URL: https://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/MainMenu

ҚР ҚК 405-бабының 1-тармағы[1] бойынша, қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, қоғамдық бірлестік қызметiн ұйымдастырғаны үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 ҚР ҚК 405-бабының 2-тармағы  бойынша, қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бола тұра, қоғамдық бірлестік қызметiне қатысқаны үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

[1] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі №231-V Қылмыстық-процестік кодексі (01.04.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31575252