Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 10 Закон — за пропаганду терроризма — Карта Правовых Рисков

Бұл қылмыс аса ауыр қылмыс санатына жатады!

Әрекет экстремистік және террористік қылмысқа жатады!

2019 жылдың 9 айында ҚР ҚК 256-бабының 2-тармағы бойынша 25 адам жауапкершілікке тартылған, 2018 жылы – 52 адам, ал 2015-те 25 адам жауапкершілікке тартылған.  Бұл бапты қолдану жиілегені байқалады.[1]

_____________

[1] ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты. URL: https://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/MainMenu

ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі[1] бойынша, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату қоғамдық бірлестік лидері тарапынан жасалса, немесе бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалса, соның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жасалса, мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

[1] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V Қылмыстық кодексі (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31575252