ҚР ҚК 266-бабының 3-бөлігі[1] бойынша, ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды, қылмыстық қоғамдастықты, трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық ұйымды, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты немесе банданы қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатынын көрінеу білетін адамның жеке тұлғаға не адамдар тобына не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе мүлiктiк сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдығы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерiн көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі коммерциялық немесе басқа ұйымда басшылық қызмет атқаратын тұлға, немесе қоғамдық бірлестік лидері тарапынан жасалса, мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
|
[1] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V Қылмыстық кодексі (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтыруларымен). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31575252