Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the uael domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the breadcrumb-navxt domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/ngohelp.kz/kz.ngohelp.kz/wp-includes/functions.php on line 6121
kz 2 Закон — за вмешательство — Карта Правовых Рисков

Қылмыстық теріс қылық сотталуға әкелмейді.

2015 жылдан бастап 2019 жылдың 9 айына дейін бұл теріс қылық бойынша жауапқа тартылғандар саны – 0.[1]

_______________

[1] ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты. URL: https://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/MainMenu

ҚР ҚК 403-бабының 1-бөлігі[1] бойынша, қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың заңды қызметiне кедергi жасауы немесе мемлекеттiк органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын иемденіп алуы, сол сияқты мемлекеттiк органдарда саяси партиялар ұйымдарын құруы, егер бұл іс-әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтірсе, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Осы баптың 2-бөлігі бойынша, дәл осы әрекеттерді қоғамдық бірлестік лидері жасаған болса, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

 

[1] Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V Қылмыстық кодексі (01.08.2019 жылғы өзгертулер мен толықтырулармен). URL: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31575252